Іздеу

Қош келдіңіздер!

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ
ресми сайтына қош келдіңіздер

www.akorda.kz www.government.kz www.parlam.kz
Жолдаудан туындайтын міндеттер жүктелді
Талдықорған қаласында Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиыны өтті. Жиында баяндама жасаған Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов облыстық құрылым басшыларына Жолдауда атап көрсетілген он басым бағыт бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Үздік спортшылар марапатталды
Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов 2011 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт мектептері мен спорт клубтарының, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшыларын, спорт журналистерін дипломдармен және 50 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Жаңа балабақша ашылды


ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУДА


Кәсіпкерлер үшін Бизнес- жоспарлар
«Даму» қоры» АҚ-ы кәсіпкерлерге көмек ретінде өз сайтында бизнестің 20 түрі бизнес-жоспарлардың үлгілерді орналасқан. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама аясында ҚР экономикалық даму және сауда министірлігі тапсырыс бойынша «Даму» қорымен бизнес- жоспарлары құрастырылды. Кәсіпкерлерге көмек ретінде экономиканың басым саласындағы бизнесті құру және дамыту ұшін үлгілер дайындалған. Дайын бизнес- жоспарлары кәсіпкерлер өз бизнес- жоспарды дайындау уақытта пайдалануға болады. Және де бизнес- жоспарларға негізгі қаржы көрсеткіштерінің есептері қосылады, бизнес үшін қаржы есептер арқылы үлгі ретінде алуға болады.

Тағайындау
Алматы облысы әкімінің өкімдерімен: Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақ Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметіне; Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев Іле ауданының әкімі қызметіне; Жандарбек Ермекұлы Далабаев Жамбыл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Жыл қорытындысы шығарылып, алға міндеттер қойылды
Бүгін облыс әкімдігінде әкімдік мәжілісі өтті. Облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың төрағалығымен өткен жиында 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер, облыстағы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен салдарын жою бағытында 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Мәдениет күндерінің қорытынды гала концерті туралы мәлімет
«Жастар» спорт сарайында Алматы облысының аудандары мен қалалардың Мәдениет күндері қорытындыланып, гала концерт өткізілді. Мерекеге толы, берекеге толы 2011 жылдың тағы бір еске қалатыны Республика көлемінде аталып өткен көлемді іс-шараларға тоқталды: ұлтымыздың мақтаныштары, дана бабаларымыз Жыр алыбы – Жамбыл Жабаетың 165 жылдығын, Халық ақыны Қалқа Жапсарбаевтың 125 жылдығын ҚР Халық әртісі, жезтаңдай әнші, сазгер Дәнеш Рақышевтың 85 жылдығын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығын ел болып тойладық. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістеріміз Аңсар Тұрсынханұлының білгір басшылығы мен ұйымшыл ұжымының ерен еңбегі екені сөзсіз.

Ел чемпионатына команда іріктелді
Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт сарайында жастар арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өтті.

ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы әкімінің өкімдерімен: Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне; Ермек Амантайұлы Алпысов Талдықорған қаласының әкімі қызметіне; Қаныбек Құлжабайұлы Айтжанов Текелі қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Мемлекеттік рәміздері

ҚР Мемлекеттік рәміздері

Президенттің жолдауы

ҚР Президенттің жолдауы

Басшылық блогы

Басқарма басшысының блогы

Баннерлер

visitkazakhstan.kz

egov.kz
Copyright ©2007-2012 by Kasseler CMS. All rights reserved.
XHTML Validation   CSS Validation